«Легенды джаза» музыка кеші

21 сәуір күні «Оқитын Павлодар» кітап фестивалі аясында дүниежүзілік джаз айлығына арналған «Легенды джаза» атты музыка кеші өтті.

Музыка кешіне Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының джаз оркестрінің саксофонистер квинтеті қатысты. Шара барысында шақырылған вокалистер әлемдік музыканың әндерін орындады, кешке қатысушылар үш ұлы джаз орындаушылары Луи Армстронг, Рэй Чарльз, Сара Вонның шығармашылығымен таныстырылды. Кеш қонақтары сайыстар мен ойындарға белсене қатысты.