«Вся моя жизнь для людей» атты еске алу кеші

24 ақпан күні облыстық кітапханада Успен ауданының «Қазақ ССР-нің 30 жылдығы» колхозының төрағасы, Социалистік Еңбек Ері Яков Германович Герингтің 90 жылдығына арналған «Вся моя жизнь для людей» атты еске алу кеші өтті.

1959 жылдан 1984 жылға дейін ширек ғасыр бойына Яков Геринг Павлодар облысы Успен ауданының колхоз-племзаводы «Қазақ ССР-нің 30 жылдығы» және «Құрмет белгісі» ордендерін үлкен абыроймен алып жүрді. Яков Германович тиімділік көрсеткіші төмен колхоздың төрағасы бола отырып, өзінің күш-жігерінің арқасында оны көп салалы, кіріс көзі жоғары шаруашылыққа айналдырды. Өз кезеңінде бұл нағыз экономикалық сенсация болды, оның даңқы бүкіл Кеңес Одағын дүр сілкіндірді. Яков Германович Герингтің еңбегі лайықты бағаланып бірнеше атаққа ие болды: ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, КСРО Министрлер Кеңесі сыйақысының лауреаты, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1966 жылғы 22 наурыздағы Жарлығымен мал шаруашылығын дамытудағы, ет, сүт, жұмыртқа, жүн және басқа да өнімдерді өндіру мен дайындаудағы жетістіктері үшін Ленин ордені және «Серп и молот» алтын медалі тапсырылып, Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Есімі Қазақ КСР-нің «Құрмет Кітабына» енгізілген.

Іс-шараға - ауыл шаруашылығы басқармасының мұражай директоры Ю.И. Дубовицкий, жазушы И.А.Винтер-Дьяченко, «Возрождение» Қазақстандық немістер бірлестігі» қоғамдық қорының мүшесі О.В. Лесневская, Яков Герингтің ұлдары Эвальд және Герман, Константиновка ауылының әкімі М. Е. Скаков, мұражай қызметкері В.Я. Керн, Социалистік Еңбек Ері Ж.Жанғожиннің қызы, Р. Ж. Жанғожина, сондай-ақ мектеп оқүшылары қатысты. Яков Геринг туралы жылы лебіздер мен естеліктер айтылды.

Сонымен қатар Я.Г.Герингтің өмірі мен қызметі туралы «Моей земли нелегкие дороги» атты кітап көрмесі әзірленді.