«Ғылым, өмір және тағдыр» еске алу кеші

5 қазанда С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Қазақстандағы энергетика ғылымының негізін қалаушы, кеңестік және қазақстандық энергетик-ғалым Шафик Шөкіұлы Шөкіннің туғанына 110 жыл толуына арналған «Ғылым, өмір және тағдыр» атты еске алу кеші өтті.

Атақты энергетиктің өмірі мен қызметі туралы Торайғыров университетінің оқытушысы, философия ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор А.Ғ. Қалтаев айтып берді.

Кездесуге жоғары басқару колледжінің, техникалық қызмет көрсету колледжінің және машина жасау колледжінің студенттері қатысты.

Қатысушылардың назарына «Ғылым, өмір және тағдыр» атты кітап көрмесі ұсынылды.