«Шәкәрімнің даналығы» еске алу кеші

21 маусымында С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханасы қызметкерлері Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдық мерейтойына орай Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ұжымында «Шәкәрім даналығы» атты әдеби еске алу кешін өткізді.

Әдеби кеште – ақын, философ, тарихшы, шежіреші, өз заманының үлкен ойшылы, қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген, қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңдерін түрлендіре түскен қаламгер Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығын әңгімелеп берді. Шәкәрім Құдайбердіұлы 1931 жылы бандылармен байланысты деген жалған айыптаумен кеңес қарулы топ мүшелерінің қолынан өлім құшып, араға алпыс жылға жуық уақыт салып қана ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының аты ақталуына тереңінен тоқталып өтілді.

Іс-шара соңында ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.