«Халық қаһарманы-Сағадат Нұрмағамбетов» атты еске алу кеші

24 сәуір күні кітапханада егемен еліміздің тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған  «Халық қаһарманы - Сағадат Нұрмағамбетов» атты еске алу кеші өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Биыл даңқты батыр Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толады»,- дей отырып, еліміз тарихында тағылымы зор тұлғалардың өмірі мен өнегесін насихаттау ісі тиісті деңгейде атқарылуы қажеттігін ескерткен еді. 

Еске алу кешінде Қазақстан Республикасының № 1 Халық қаһарманы, армия генералы, егемен еліміздің тұңғыш Қорғаныс министрі, Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарынада Кубань өңірінен герман фашизмінің апаны-Берлинге дейінгі отқа оранған майдан жолдарынан жүріп өткен Кеңес Одағының Батыры Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың өмірі мен ерлікке толы ғұмыры жайлы баяндалды.

Еске алу кешіне Қорғаныс істері бойынша Департамент бастығының орынбасары-тәрбие және идеология жұмысы бойынша басқарманың басшысы подполковник Алмасбек Асельбекұлы Бухарбаев, әскери прокурор, полковник Бахытжан Қанатұлы Досанов, Ардагерлерге жұмыс көрсету қызметінің бастығы, подполковник Тимур Сапаргалиұлы Жагипаров, Қарулы күштерінің ардагері, отставкадағы полковник Омарбек Байғабулұлы Айтжанов, «Қарулы күштер ардагерлері» Павлодар облыстық филиалының төрағасы, отставкадағы майор Жан Қайыркенұлы Қаратаев, Сағадат Нұрмағамбетовтың туысқандары Садуов  Ағлаш Сәғитұлыағамыз бен жұбайы Садуова Зара Шапетқызы, Павлодар қаласының жас сарбаздары мен мектеп оқушылары қатысты.

Көрермендер назарына «Долг. Честь. Отвага. Нурмагамбетов Сагадат» деген деректі фильм  және «Халық қаһарманы» атты кітап көрмесі ұсынылды.