«Біл және есте сақта» еске алу кеші

16 ақпанда облыстық кітапханада Социалистік Еңбек Ері, Ұлы Отан соғысының ардагері Павел Леонтьевич Кравецтің туғанына 110 жыл толуына арналған «Біл және есте сақта» атты еске алу кеші өтті.

Іс-шараға Кравец Т.П., сонымен қатар ауыл шаруашылығы мұражайының қызметкерлері Дубовицкий Ю.И. және Нұғыманов М.Н. қатысты. Технологиялық колледж студенттері шақырылды.

Кравец П.Л. өмірі мен шығармашылығына арналған «Еңбек адамды асқақтатады» атты кітап көрмесі дайындалды.