Поэзия кеші

27 наурыз күні «Изменчивый март» атты музыкалық- позия кеші өтті.

Іс-шара барысында Славян орталығында құрылған М.Цветаева атындағы клуб мүшесі Л.Прохорова наурыз мерекесі қарсанында Славян орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Наурыз. Любовь. Весна» атты жыр мүшәйрасының қорытындысын жариялады. Белгілі павлодарлық ақын О.Григорьева басқарған  әділ-қазылар алқасы байқауға тек қаламыздың ақындары ғана емес, Қазақстанның өзге өңірлерінен де, Ресей мен Германиядан да поэзия сүйер қауым қатысқанын атап өтті. Жеңімпаздар Славян орталығының дипломдарымен және сыйлықтарымен марапатталды.

Кешімізді павлодарлық ақындар Н.Борисовская, Л.Казакова, Е.Вайберт, А.Гаммер, О.Руденко, Н.Млынцева көктем мерекесіне арналған өлеңдерін оқып жалғастырды және  ақын С.Рудишевтың авторлық өлеңдері оқылды. Жерлес музыканттар  А.Казаков пен  В.Дирксен көктемге арналған әндерді шырқады.

П.Васильев мұражайының кураторы Т.С.Корешкова поэтикалық шығармалардың әсемдігі мен орындалу шеберлігін атап өтті.

Кешке Б.Ахметов атындағы колледж және қызмет көрсету және тамақтану колледжінің студенттері қатысты.