«Еркеғали Рахмадиевтің музыка әлемі» атты портрет кеші

28 шілде күні облыстық кітапханада композитор, КСРО Халық әртісі Еркеғали Рахмадиевтің 90 жылдығына арналған «Еркеғали Рахмадиевтің музыка әлемі» атты портрет кеші өтті. Көрермендер қазақ музыкасының майталманына арналған «Ұлы дала музыкасы» атты бейнеролигімен Алпамыс, Қамар Сұлу ариаларын және Дайрабай күйін тамашалады. Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармонияның әншісі Әсел Ботаева халық әндерін орындап берді. Оқырмандар «Айтулы ғұмырдың айшықты сәттері» кітап көрмесін тамашалады.

Кеш жылы, достық атмосферада өтті.