«Грани творчества Г. Мустафина» портрет кеші

28 қараша күні С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Кітапханадағы Жазушылар күні» жобасы аясында «Грани творчества Г. Мустафина» атты портрет кеші өтті.

Биыл қазақ әдебиетінде лайықты орын алған белгілі қазақ жазушысы, қоғам қайраткері Ғабиден Мұстафиннің туғанына 120 жыл толады. Оның шығармалары қиын кезеңдегі драмалық оқиғаларға толы және туған халқының тағдырын бейнелейді. Ғ.Мұстафин Отан, туған жер, өсіп өнген ортасы жайлы «Көз көрген» өмірбаяндық шығармасында, сондай-ақ «Қарағанды», «Шығанақ», «Миллионер», «Дауылдан кейін» романдарында баяндайды. Осы шығармалары арқылы жазушы әлемге танымал болды.

Іс-шараға Павлодар химия-механикалық колледжінің оқушылары қатысты. Балалар викторина сұрақтарына белсенді жауап берді.