«Плетение чепухи» еске алу кеші

8 ақпанда Дүниежүзілік әдебиет залында Герольд Бельгерді еске алуға арналған «Плетение чепухи» кеші өтті.

Бельгер Герольд – жазушы, сыншы, аудармашы, публицист, әдебиет зерттеушісі және қоғам қайраткері.

Кеш қонақтарына тамаша жазушы Герольд Бельгер туралы «Линия судьбы» бейнеролигі ұсынылды. Адамгершілікке, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа үлкен мән берілген шығармаларын талқылауға дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің оқушылары белсене қатысты.