Ұрпақтар кездесу-кеші

5 қазан күні С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында «Ұрпақтар диалогы» жобасы аясында кездесу кеші өтті. Кездесуге қатысушылар – кітапхана оқырмандары, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 5-сынып оқушылары және Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының «Классиктер мен замандастар» әдеби клубының мүшелері отбасылық бос уақытты өткізу дәстүрлері, отбасында кітап оқу туралы өз ойларымен бөлісті. Ұрпақтар атынан Елдана Ержан, Еркежан Ақын, Жұлдыз Амангелді, Диана және Қорай Нефедовалар, Анна Глушанинко өлең оқыса, әжелер атынан Наталья Колодина, Валентина Сысоева тілектерін айтып, Бикен Ибраева қазақ тілінде ән шырқады.

Одан кейін қатысушылар әжелер мен немерелерінен екі команда құрып, «Сөз тап» және Филлворд ойынын ойнады. Кездесу соңында аға буын өкілдеріне естелік ретінде кітапхана оқырмандары-балалар дайындаған гүл шоқтары табыс етілді.