Кешкі кинозал «Жолақ пижамадағы бала» фильмі

Бүгін «Әлем әдебиеті» залында «Кешкі кітапхана» жобасы негізінде кезекті фильмнің көрсетілімі өтті. Бұл жолы Джон Бойнның романы бойынша түсірілген Марк Херманның «Жолақ пижамадағы бала» фильмі көпшілік назарына ұсынылды.

Фильмді тамашалау барысында неміс және еврей ұлты балаларының достығы жайындағы оқиға ешкімді бей-жай қалдырмады. Көрермендерді аш Шмуэльдің пирогты жеу көрінісі ерекше әсер етті. Аталған көрсетілімге осы жолы тек қана жастар ғана емес сонымен қатар егде жастағылар мен балалар көрермен қатарын толықтырды.

Кино кешке Ұлттық жаңғыру мектебінің шешен-ингуш этно-мәдени бірлестігінің өкілдері де қатысты.