«Тіл – халықтың жаны» викторинасы

5 қыркүйек күні кітапханада Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Тіл - халықтың жаны» атты викторина өтті. Кешке қызмет көрсету саласы колледжінің студенттері белсене қатысып, Қазақстанда тұратын халықтардың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін жақсы меңгергендіктерін көрсетті. Викторина 3 кезеңде өткізілді, олардың әрқайсысында ұпайлар есептелді, содан кейін байқау жеңімпаздары анықталды. Қатысушылар түрлі сыйлықтармен марапатталды.