«Қалдырған ізін мәңгілік...» виртуалды көрмесі

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана «Есімдер» жобасы аясында Қазақстандағы білім мен ғылымның дамуына үлкен үлес қосқан қазақстандық білім беру ісінің классигі, белгілі ғалым-әдіскер, талантты жаңашыл-педагог, реформатор, Социалистік Еңбек Ері Рафика Бекенқызы Нұртазинаның туғанына 100 жыл толуына орай «Қалдырған ізін мәңгілік...» атты  виртуалды көрме дайындады.

Рафика Бекенқызы Нұртазина - балалар мен ересектерге арналған қазақ тілі бойынша 28 оқулық басылымының, қазақ мектебіне арналған орыс тілі оқулықтары мен құралдарының 133 басылымының, «Қызықты грамматика» бойынша 8 басылымының, қазақстандық және шетелдік журналдарда, газеттерде, конгрестер мен конференцияларда жарияланған 163 мақаланың авторы.