КІТАПХАНАДА АЛҒАШ РЕТ!

Бүгін Павлодар педагогикалық университетінің бірінші курс студенттері, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының жоғары сынып оқушылары облыстық кітапхананың әр бөлімімен тиянақты танысып шықты. Жобалар мен клубтардың отырысы жайында ақпараттар алды. Кітахананың абонемент бөлімінде балаларға "Жанашыр" орталығының жабдықтары мен Брайль қарпімен терілген кітаптар көрсетілді, халықаралық кітап секторында Америка бұрышының еріктісімен танысып, «Maker Space»-те қонақта болды. Айта кетейік, «Maker Space» орталығында оқырмандар компьютерлік бағдарламалау, роботтарды құрастырудан бастап,  тігіншілікке дейінгі жобалардың барлық түрлерімен жұмыс істей алады.

Креативті шығармашылық орталығында студенттер мен оқушылар облыстық кітапхананың жастар баспасөз орталығына және кітап клубына жазылды. Барлық келушілер кітапханадағы алғашқы күнінен ерекше әсер алды. Алдағы уақытта олар біздің тұрақты оқырмандарымыз болады деген сенімдеміз!