«Барлық жұмыс жақсы – барлық мамандық маңызды»

18 сәуірде облыстық кітапханада «Барлық жұмыс жақсы – барлық мамандық маңызды» жобасы аясында «Мамандығыма шақырамын» атты кездесу кеші өтті. №24 орта мектептің 9-сынып оқушыларымен техникалық қызмет көрсету колледжінің оқытушылары В.Д. Елгина және Н.Б. Балтабеков кездесті.

Кәсіптік бағдар жұмысын жүргізу кезінде мектеп түлектері автомеханик, автослесарь мамандықтарына қызығушылық танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Сондай-ақ ұстаздар колледжде оқытатын басқа да мамандықтар, еңбек нарығындағы сұраныс пен түлектерді жұмысқа орналастыру туралы әңгімеледі.

Оқушылардың назарына жасөспірімдер арасында үлкен қызығушылық тудырған «Мамандық таңдау – маңызды мәселе» атты бейнеролик ұсынылды, сонымен қатар оқушылар «Әртүрлі, қажетті және маңызды мамандықтар туралы» жедел - сауалнама сұрақтарына жауап берді.