«Телескоптың құрылысы мен алуан түрлері» атты кездесу-әңгіме

18 мамыр күні С.Торайгыров атындағы облыстық кітапханада әуесқой астроном А.В.Калинин «Телескоптың құрылысы» тақырыбында кездесу-әңгіме өткізді. Кездесуге Инновациялық Еуразия Университеті жанындағы колледж оқушылары қатысты.

Бүгін біз телескоптардың кейбір түрлерін және олардың сипаттамаларын қарастырдық. Әрине, бұдан технологияның ілгерілегенін айқын көруге болады. Кездесудің нәтижесінде біз ғарыш обьектілері мен ғарыштың өзі туралы көптеген қызықты ақпараттар алдық. Сонымен қатар, осы керемет өнертабыстың арқасында әдемі аспанды тамашалап, онымен таныса алатын мүмкіндікті бос жібермедік.

Кездесу соныңда оқушылар «Телескоп арқылы жүздеген жылдар бойы планеталардың өмірі зерттеліп жатыр» атты викторинаға белсене қатысып, көптеген сұрақтар қойып, кітапханаға қайта келуге ықыластарын білдірді.