ШАХМАТ ҮСТЕЛІНДЕГІ КЕЗДЕСУ

19 шілде күні облыстық кітапханада Халықаралық шахмат күніне орай «Ұрпақтардың шахмат үстелінде кездесуі» атты іс-шара өтті. Қатысушылар халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Павлодар облысының аға жаттықтырушысы, Азия чемпионы, жастар арасындағы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Павлодар облысының шахмат федерациясының атқарушы директоры Егоров Евгений Владимирович жүргізген мастер-кластың куәгері болды.

«Қазақстандық шахмат федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі биыл елімізде шахматты дамытуға қосқан үлесі үшін қоғамдық марапаттарға ие болды. Павлодар облысының 12 адамы осы марапаттарды иеленді. Олардың ішінде бүгінгі күні 4 адам медальмен марапатталды. «Белес» қоғамдық медаліне Т.С.Нукин, «Үлес» медаліне В.С. Захаров ие болды, Е.В.Егоров «Ардақты ұстаз» төс белгісімен марапатталды. «Ардақты қызметкер» қоғамдық үздік белгісін Г.Е.Скурыгин алды. 
Марапатталғандарға және барлық ойын әуесқойларына Амангелді Алтынтан мен халықаралық конкурстардың лауреаты Новоселцева Романның орындауында ән шашу тарту етілді.