«Harizma» жастар театр студиясының актерлерімен кездесу

28 наурызда С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханамызда Халықаралық театр күніне орай Естай мәдениет сарайының «Harizma» жастар театр студиясының актерлерімен кездесу өтті. Жастар театрының жетекшісі Салия Кишкенбаева көрермендерге актерлік шеберлік тренингтерін өткізді. Кездесуге келген қала жастары тренингке белсенді қатысып, өздерін актер ретінде сынап көрді. Бұл тренингтің пайдасы - психологиялық тұрғыда әр кез келген адам өзін-өзі қалай ұстау, ұялмай, қобалжымай өз ойын дұрыс жеткізіп, ең бастысы, өзіне сенімді болуды үйретеді. Қонақтар болашақ ұрпақтарға тәлім тәрбие беретін, жастардың рухын көтеретін тақырыпта монологтар оқып, кіші-гірім қойылымдарымен бөлісіп көрермендерге ұмытылмас әсер қалдырды.