Танымал ұста, қолөнер шебері Қуандық Баязитовпен кездесу

Домбыра - қазақ халқының сүйікті саз аспабы. Домбыра күні мерекесі қарсаңында балалар танымал ұста, қолөнер шебері Қуандық Баязитовпен қызықты кездесуге қатысты. Қуандық аға домбыра жасаудың технологиясы туралы әңгімелеп, өз қолымен жасаған түрлі домбыраларын көрсетті.

Қасиетті домбыраның күмбірлеген күйіне кезек бергенде Құрманғазының «Балбырауын» күйін Павлодар қаласының №1 музыка мектебінің шәкірті Бейсенхан Толғанай орындады. Ал №19 мектептің оқушысы Қаратаева Әдия домбырада сүйемелдеп «Туған жер» әнін шырқады. Балалардың домбыраға деген қызығушылықтары мен сүйіспеншіліктері байқалды.