Лэнс Эриксонмен кездесу

25 ақпан күні Америка бұрышында Қазақстандағы АҚШ Елшігінен мәдениет және білім беру бойынша Пресс Атташенің орынбасары Лэнс Эриксонмен кездесу өтті.

Әңгіме барысында қонақ кітапхана оқырмандарына АҚШ-тағы айтулы даталардың бірі – Президенттер күні, Президенттік институт, АҚШ-тағы сайлау, биліктің өкілеттілігі туралы айтып, тақырыптық викторина өткізді. Белсенді қатысушыларға сыйлықтар табыс етілді. Кездесу соңында Лэнс мырза қатысушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, өз алғысын білдірді.