Жас кәсіпкерлердің кездесуі

6 ақпан күні С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында Damy-global ЖШС өкілі Искандер Сұлтановтың бастамасымен «Beesiness: пчелиное дело» сериясындағы алғашқы ойын өтті. Ойынға қатысушылар, кітапхана оқырмандары жаңадан бастаған кәсіпкерлердің рөлдерін сынап көрді. 4 сағат ішінде олардың әрқайсысы табысты бизнестің иесі атанып, өз қаражатын инвестициялады немесе жоғалтты, банкрот болып, өз бизнесін қайтадан жаңартты.
Нәтижесінде ең табысты бизнес және жинақтардың ең үлкен сомасы номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталды.