Кездесу «Экология и современность»

5 маусым  күні облыстық кітапханада Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне және эколог күніне арналған №11 орта мектеп оқушыларымен кездесу өтті.

Биология ғылымдарының докторы, жалпы биология ғылымдарының докторы, жалпы биология кафедрасының профессоры, Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің  оқытушысы Н.Е.Тарасовская «Тамаша табиғат тылсымға толы» атты презентация көрсетті.

Оқушылар оқытушының әңгімесін қызығушылықпен тыңдап, викторинаға белсене қатысты. Экологиялық ойын балаларға өз білімдерін көрсетуге, табиғатты қорғау және экология тақырыптары бойынша көптеген сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік берді.