«Айна» галереясында «Қара-ақ» көрмесі ашылды

Бүгін «Айна» галереясында павлодарлық суретші Евгений Шалагиннің дебюттік көрмесі өтті.

Көрмеде авторлық техникада графит қарындашпен және сиямен салынған 30-дан астам жұмыс ұсынылған. Бұл негізінен Павлодар мен Ресей қалаларының пейзаждары.

Шара қатысушылары қара және ақ түстерде орындалған өнер туындыларын тамашалауға мүмкіндік алды. Суретшінің туындылары оның кәсіби қызметімен тікелей байланысты. Мамандығы бойынша Евгений Шалагин инженер. Суретші қалалық атмосфераны егжей-тегжейлі бейнеледі. Оның шығармаларына қарап, көшелердің күнделікті өмірін тамашалауға болады: серуендеп жүрген адамдар, биік зәулім ғимараттар, аллеялар, үйлер.

Көрмеде белгілі қазақстандық суретші, график В.Ф.Паликарпов, облыстық көркемсурет музейі басшысының орынбасары, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі О.В. Пашко, сондай-ақ Евгений Шалагиннің алғашқы мұғалімдерінің бірі болып табылатын педагог-суретші В.В. Шишкина сөз сөйледі.

Көрме 9 қазанға дейін жұмыс істейді. Кіру тегін!