Ерекше көрме ел назарына!

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханасында «Қасиетті жерлерге саяхат» көрмесі ашылды. Облыстық көркемсурет музейі павлодарлық суретшілердің пленэрлік жұмыстарының қорытындысы бойынша осындай тамаша дүниені көпшілікке ұсынып отыр.

Жергілікті суретшілердің қыл қаламынан туындаған әрбір сурет өңірдегі қасиетті орындардың қыры мен сырын ашып, киелі мекендерді көз алдыңызға әкеледі. Бір сәт киелі жерлердің саф ауасын жұтып, қасиетті топырағын табаныңызбен басқандай күй кешесіз.

«Қасиетті жерлерге саяхат» Арт-жобасы Павлодар облысының аумағында аса маңызды киелі нысандарды кешенді бейнелеуге мүмкіндік берді.
Киелі жерлер тізімінде табиғи-ландшафтық объектілер, археологиялық және сәулет ескерткіштері, ерекше қорғауға алынған діни мағыналы объектілер тарихи қайраткерлер және нақты саяси оқиғалармен киелі жерлердің суреттері бар.

Ерекше көрмеге елімізге белгілі суретшілер Ө.Шоранов, Н.Ибраева, П.Кожемякин, Ж.Таниева, Д.Темірханова, Д.Құсайынов, С.Багирова,А.Қисамиденова, З.Асылғазина және басқа да суретшіәлердің еңбектері қойылған.

Алдағы уақытта аталған көрмені жұртшылық С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың ресми сайты мен әлеуметтік парақшаларынан тамашалай алады.