«Фиалочка» клубының бөлме өсімдіктері көрмесі

16 қыркүйекте С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Фиалочка» клубының қатысушылары бөлме өсімдіктерін сату көрмесін өткізді.

Суккуленттер, шегіргүлдер, традесканцийлар, пеларгониялар және сингониумдардың алуан түрлері, сондай-ақ раушан гүлдер, бальзаминдер, хризантемалар, лалагүлдер, флокстар ұсынылды.

Көрмеге келген әрбір келуші гүл өсірушелерден кеңес алуға мүмкіндік алды.