«Фиалочка» клубының сатылым-көрмесі

23 сәуірде С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Фиалочка» клубы гүлдердің сатылым-көрмесін ұйымдастырды. Гүлдердің алуан түрі – бальзаминдер, хризантемалар және басқа да бөлме гүлдері көрермендер назарына ұсынылды.

Гүл өсіру ісінің әуесқойлары өзара тәжірибиемен алмасып, жетістіктері жайлы айтты. Көрмеге қатысушылар флора әлемінің эстетикасы мен әсемдігін тамашалады. Сонымен қатар аталған көрме гүл өсіруді кеңінен насихаттауға және өсімдіктердің жаңа сұрыптарын көпшілікке таныстыруға арналды, іс-шараға кіру тегін болды.