«Әр суретте күншуақ» көрмесі

15 наурызда С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың «Айна» галереясында Екібастұз қаласындағы ЮНЕСКО клубының Балалар көркемсурет мектеп оқушыларының «Әр суретте күншуақ» атты шығармашылық жұмыстарының көрмесі ашылды. Экспозицияға 5-15 жас аралығындағы әр түрлі жастағы оқушылардың кескіндеме және графика бойынша жұмыстары кірді.

Екібастұз қаласының БКМ елдегі ең үздік 4 мектептің қатарына кіреді. Мектеп оқушылары қала мен облыстың түрлі іс-шараларына белсенді қатысады. Сондай-ақ, көптеген жылдар бойы қатарынан халықаралық фестивальдердің жеңімпаздары атанып келеді, бұған көрмеде ұсынылған фестивальдерден шыққан балалардың жұмыстары көрсетілген қорытынды каталогтар дәлел бола алады. Мектеп директоры Ғинаят Хамитұлы Сыздықов құттықтау сөз сөйлеп, мектептің жоғары білікті педагогикалық құрамының көп жылғы еңбегін, жас тәрбиеленушілердің шығармашылық табыстары мен жетістіктерін атап өтті.

Қонақтар арасында танымал суретші, кескіндемеші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Шоранов Өсербай, Павлодар қ. БКМ, А. П. Чехов атындағы Павлодар облыстық драма театрының, Павел Васильев музей-үйінің өкілдері, сондай-ақ Павлодар қ. Балалар көркемсурет мектебінің оқушылары және Павлодар көркемсурет колледжінің студенттері болды.

Іс-шара музыкалық колледж студенттерінің музыкалық нөмірлерімен сүйемелденді және облыстық кітапхана атынан Екібастұз қ. БКМ дарынды педагогтары мен оқушыларын салтанатты марапаттау рәсімімен аяқталды. Суретшілердің кішкентай жасына қарамастан, көрме алғашқы көрермендерге үлкен әсер қалдырды, жарқын түсімен, көптеген жұмыстарымен және кәсібилігімен есте қалды.

Керемет суретшілердің жұмыстарын 2022 жылдың наурыз айының соңына дейін көруге және шабыттандыруға болады.