Жаңа көрме - «Катарсис»

Бүгін С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «PavlodART» бейнелеу өнері фестивалі өз бастауын алды! Фестиваль павлодарлық жас суретші Әділ Шаймұраттың «Катарсис» атты жеке көрмесінің ашылуынан басталды! Шығыс каллиграфиясы мен абстракциониз ұштасқан экспозициялар кітапхананың «Айна» өнер галереясынан орын алды.

Әсіресе, жиылған көпшілікті суретшінің «Катарсис» атты туындысы тәнті етті. Бұл туынды суретшінің белгілі биші Антон Шкиль, оператор Андрей Концур, фотографтар Айдан Кәрім және Лико Лина секілді шығармашылық жандармен бірге жасаған коллаборациясы. Көрме барысында аталған туындының қалай салынғаны жөнінде арнайы бейнекөрініс көрсетілді.

Сонымен қатар қонақтарға суретшінің жеке бренды – футболкалар мен свитшоттары жайында да айтылды. Көрменің құрметті қонағы белгілі суретші Галина Беспалова жас суретшіге осы заманауи өнерді ары қарайда дамытып, жұмыс жасауына деген ақылын айтып, ізгі тілегін жолдады.

Айта кетейік «Катарсис» көрмесі 16 мамырға дейін жалғасады. Келушілерге есік ашық!