Павлодарда ақ-қара фотосуреттер көрмесі ашылды

3 қарашада "Айна" галереясында ақ-қара фотосуреттер көрмесі ашылды. "F2" студиясының базасында фотосуретші Алексей Чернышев негізін қалаған және Павлодар қаласының жас фотосуретшілерін дамытуға және ілгерілетуге бағытталған "Фотосреда" жобасының қатысушылары көрермендер талқысына өздерінің бірегей жұмыстарын ұсынды.

Экспозицияға әр түрлі жанрдағы 33 ақ-қара фото жұмыстар енді. Барлық 11 автор – оқыту жобасының қатысушылары. Жобаның негізін қалаушы, фотосуретші Алексей Чернышев. Ол бұл жобаның жарты жылындағы қатысушылардың кәсібилік деңгейін көрсететін және көрерменді жаңа авторлармен таныстыратын алғашқы көрмесі екенін атап өтті. Алдағы уақытта "Айна" галереясында жобаға қатысушылардың жеке және құрама көрмелері жоспарлануда.

Құттықтау сөзімен танымал фотосуретші Борис Краснянский мен ресейлік фэшн-фотосуретші Евгений Шишкин сөз сөйледі.

Көрмені 2022 жылдың 3 желтоқсанына дейін тамашалауға болады.