Халықаралық театр күні

27 наурыз Халықаралық театр күні С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханамызда Павлодар облысының Ж.Аймаутов атындағы қазақ музыкалық-драма театр актерлері жастармен кездесті. Кеш қонақтары Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, «Ерең еңбегі үшін» төс белгісінің және «Құрмет орденіңің» иегері, еңбек сіңірген актері Бейбіт Шәнім және Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, «Ерең еңбегі үшін» төс белгісінің иегері Жұмахан Доспаев ағаларымыз, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Ақық Таспаева, «Мәдениет саласының үздігі» атағының иегерлері Дина Құспан және Баян Исабекова болды. Кездесу барысында жастар ой пікірлерімен бөлісіп, сұрақтар қойып өнер майталмандырымен жақсы сырласып, біраз тәжірибе алды, жастар поэзияларын оқып, керемет сұхбат болды. Қонақтарымыздың арасында жас театралдық студиялардың актерлері де болды. Ұрпақтар диалогы ойдағыдай шықты деп ойлаймыз!