Халықаралық Құстар күніне арналған көрме

2 сәуір күні облыстық кітапханада көз тартарлық көрме ашылды. Ұйымдастырушы - Павлодар география үйі.

Көрмеге ПавГео тобының мүшесі, талантты құс фотографы Кәрімжан Шаяхметұлы Жакеновтың фотосуреттері қойылды. Оның фотосуреттерінде Павлодар Ертіс өңірін мекендейтін және Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген құстар бейнеленген. Сондай – ақ, қазақ, орыс, беларус және чех тілдеріндегі Қоғамдық географиялық кітапхананың орнитология бойынша ғылыми және ғылыми - көпшілік кітаптар мен журналдар таныстырылған. Бұл кітаптарда біздің жанымызда және әлемнің барлық континенттерінің алыс елдерінде тіршілік ететін жануарлардың өмірі туралы қызықты мәліметтер берілген.
Көрменің ашылуына биология ғылымдарының кандидаты, ПМПУ жалпы биология кафедрасының доценті, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының профессоры Болат Жұмабеков пен Павлодар фотографы Алексей Усов қатысты.
Көрменің бірінші келушілері - ПМПИ студенттері, «Өрлеу» БАҰО АҚ тыңдаушылары.
Көрмені 20 сәуірге дейін тамашалауға болады. Кіру тегін.