Я сегодня Леонардо!

1 маусымда  «Айна» галереясында Т. Чевтаеваның классикалық сурет мектеп-студиясы оқушыларының - «Я сегодня Леонардо» Халықаралық балаларды қорғау күніне және мектептің 15 жылдық мерейтойына арналған сурет көрмесі ашылады.

Дарынды суретші және педагог Татьяна Чевтаеваның жетекшілігімен мектеп-студия оқушылары үлкен шығармашылық болашаққа алғашқы қадамдарын жасауда. Көрмеге 7 жастан 12 жасқа дейінгі жас тәрбиеленушілердің 35 жұмысы ұсынылды. Шығармалар жыл бойында жасалды, олардың кейбіреулері ұлы суретші Леонардо да Винчидің шығармашылығына негізделген. Көрмеде кішкентай суретшілердің орындауындағы шебердің әйгілі шығармаларының көшірмелерін көруге болады. Көрмеге келгендердің барлығы балалардың шығармашылығына таңдана алды.

Көрме қатысушыларына дипломдар табыстау болды, сондай–ақ мектеп оқытушылары өз оқушыларының әрқайсысына сыйлық - жас суретшілер өздері салған суреттері бар авторлық скетчбук ұсынды. Керемет суретшілердің туындыларын 2023 жылдың маусым айының соңына дейін көруге болады.