«Январская мозаика» - Павлодарлық ақындар мен бардтардың шығармашылық кеші

25 қаңтар күні С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Истоки» әдеби-музыкалық клубының «Январская мозаика» атты павлодарлық ақындар мен бардтардың шығармашылық кеші өтті. Н.Млынцеваның, Н.Борисовскийдің, А.Лихачеваның, А.Гаммердің, А.Казакованың және т.б. ақындардың орындауында авторлық өлеңдер орындалды.

Іс шараға Павлодар қаласының зиялы қауым өкілдері, ИнЕУ жоғарғы колледжінің студенттері, Павлодар монтаж колледжінің студенттері мен кітапхана оқырмандары қатысты.