«Ұмытылған кітаптар лабиринті» кітап қоймасына саяхат

Жылына бір рет аталып өтілетін «Кітапхана түні» мәдени-әлеуметтік іс-шараға  қатысушылардың арасында кітап қоймасына эксклюзивті саяхат жасау үлкен танымалдылыққа ие. Оқырмандар, кітапхананың көптеген құпияларға толы бөлімімен - кітап қоймасымен  таныса алады, мұндағы әлем ерекше, өзінің ережелері мен заңдары бар, мұнда тәуліктің түн бөлігінде кейіпкерлері жанданатын кітаптар да бар.

Шатасып жатқан лабиринтті аралап өткенде, саяхатқа қатысушылар жолдарында ертеректен таныс бірақ, ұмытыла бастаған кітап қаһармандырын: қу Ор қоянды, кішкентай қыңыр Қарақшы қызды, жау жүрек капитан Врунгелді, мысығы бар қыз баланы, есалаң Шляпникты, Айсұлу мен Сұлушаш сұлуларды, сотқар Пеппиді, тапқыр Тазша баланы, өркөкірек Мысықты, сенгіш Хоттабыч шалды, әділ Тимурды кезіктірді. Саяхат жасағысы келгендердің кезегі іс-шараның жабылу уақытына дейін созылды.

В.В. Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының «Калейдоскоп» театрландырылған балалар студиясы, жетекшісі М. Е. Билая мен ИнЕУ «Филология және журналистика» кафедрасының өкілі И.О. Приходченко осы мерекені ұйымдастыруға ат салысты.