Өлкетану сабағы

16 қазан күні облыстық кітапханада ақын, сатирик, қоғам қайраткері Сәбит Дөнентаевтың 125 жылдығына орай «Ерекше дарын иесі» кезекті өлкетану сабағы өтті. Шараға Павлодар медициналық жоғары колледжі мен Павлодар химия-механикалық колледжінің студенттері қатысты. Іс-шара қызықты да, танымды болды. Кітапханашы ақын С. Дөнентаевтың шығармашылығы мен өмірінен мағлұмат берді, бейнероликтер көрсетілді. Сондай- ақ, студенттер оның «Қиялым», «Талап», «Көңіл мен тіл», «Әр жан әртүрлі» өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Шара соңында  «Ақынның асыл мұрасы» атты кітап көрмесіне шолу жасады.