Ольга Григорьевнаның мерейлі кеші

Сәуірдің 7-сі күні С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында павлодарлық ақын, жазушы, сондай-ақ балалар әлеміне қалам тартқан, көптеген қызықты шығармалардың авторы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі – Ольга Николаевна Григорьеваның мерейлі 65 жылдығына арналған «Өмір және шығармашылық» атты кездесу-кеші өтті.

Кештің құрметті қонақтары біздің кітапханамыздың достары мен оқырмандары – Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын Людмила Бевз, П.Васильев атындағы Мұражай үйінің қорын сақтаушы Татьяна Корешкова, әдеби клубтың жетекшісі Наталья Колодина, суретші Александр Колодин және  № 9 мектеп-гимназиясының оқушылары болды.

Кеш барысында балалар Ольга Николаевнаның кітаптарынан сүйікті өлеңдерін оқып, әндерін арнады, ақынның шығармалары бойынша салған суреттерін ұсынды. № 14 орта мектептің оқушысы Тычинин Юрийдің орындауындағы «Кораблик» әніне бейнебаян ұсынылды. Оқушылар Ольга Николаевнаның кітаптары бойынша «Кітап көрмесін жасау» ойынына да белсенді қатысты.

Авторлық ән байқауларының лауреаты Александр Казаков Ольга Николаевнаның сөзіне жазылған «Весенняя арифметика», «Рождение облаков» әндерін орындады.

Тартымды кештің соңы фото және автограф сессияларымен жалғасты.