«Радио - Халық үні» атты мерейтойлық кездесу-кеші

30 наурыз күні С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Радио - Халық үні» атты мерейтойлық кездесу-кеші болып өтті. Биыл облыстық Халық радиосына 85 жыл толып отыр. Облысымыздың тұрғындары өз радиостанциясының алғашқы сигналдарын сонау 1938 жылы естіген. Барлығы аптасына бір рет болатын екі сағаттық хабардан басталды, қазір облыстық радионың өз жиілігі бар.

Шараға редакторлар, дикторлар, радио ардагерлері:, Балтабай Ғ., Мәкешев А.С., Чернятович А.К., Бутерус З.Л., Байғалы Ш., Ситько В.М., Оралхан А., Сауырбай Б., Нысанбеков К., «Ертіс Медиа» ЖШС директор орынбасары Жұмабек Өркенұлы Сманов және т.б. қатысты. «Истоки» әдеби-музыкалық клубының мүшесі Валентина Шальденкова, Әлкей Марғұлан атындағы ПМПУ студенті Азамат Базарбай, М. Ж. Көпеев атындағы білім беру мектебінің оқушысы Ертай Мейірімжан өнер көрсетті.

Радионың мерейтойына «Екі ғасыр толқынында» атты бейне презентация және кітап көрмесі ұйымдастырылды.