«Зайырлы елдің заңы» кітап көрмесінің ашылуы

29 тамызда сағат 11.00-де облыстық кітапханада Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Зайырлы елдің заңы» атты кітап көрмесінің ашылуы өтті. Көрме негізгі 4 бөлімнен тұрады. Көрмеге Қасым, Есім, Тәуке хандардың кезеңінен бастап, кеңес дәуірі және 1995 жылғы негізгі заңға дейінгі заңнамалардың дамуы туралы баяндайтын 100-ге жуық басылымдар қойылды.
Әдебиеттер қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ұсынылды. Іс-шара барысында кітапхананың библиографтары кітап көрмесіне шолу жасады. С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың «Құқықтану» кафедрасының профессоры заң ғылымдарының кандидаты Серік Қайырбекұлы Бастемиевтің сөз алады.
Көрменің ашылуына жоғарғы оқу орындары мен колледждердің кітапханшылары және Павлодар қаласында орналасқан №5512 әскери бөлімшенің жауынгерлері қатысты.