«Отбасы ұйытқысы - ене мен келін» онлайн жобасының қорытынды кездесуі

15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне орай бір жыл көлемінде тікелей эфир арқылы жүргізілген «Отбасы ұйытқысы- ене мен келін» ерекше жобасының қорытынды кездесуі өтті. Zoom платформасы арқылы барлық қатысушылар қосылып, ене мен келін арасындағы сыйластықтың үлгісін көрсетті. Осы жобаға белсене қатысып, ұлттық тәрбие беру арқылы ізгі дәстүрлер сабақтастығын жалғастыруда қосқан үлестері үшін әр отбасындағы ене мен келінге облыстық кітапхананың басшысы Ш.Шахметова алғыс хаттармен марапаттады, сыйлықтар табыстап, ризашылығын білдірді. Қазақ отбасындағы тәрбиені көрсету, отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында алдағы уақытта да келіндермен жұмыс жасау жоспарланды.