«Жастар - кітап толқынында» оқырман бірлестігінің отырысы

28 ақпан күні облыстық кітапханада жастарды кітап оқуға тарту, көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын ояту мақсатында құрылған оқырман бірлестігінің тамаша отырысы өтті. Кездесу барысында кітап оқитын жастар өздерінің сүйіп оқыған кітаптары туралы айтып, ойларымен бөлісті. Әр кітап өзгеше құпия сырға, ғажайып көріністерге ие екендігін тілге тиек етті, пікір алмасты.

Қазіргі жастар оқитын кітаптар: Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар», Д.Исабеков «Қарғын», О.Бөкей «Мұзтау», Ш.Айтматовтың «Жан пида», В.Обручев «Жұмбақ жер», А.Грин «Алқызыл желкендер», О.Уайльд «Дориан Грейдің портреті», «Екінші болма» Қ. Шонбай, Л.Сұлтанқызы «Әйел», О.Памук «Сезім музейі» және т.б.

Кітап сүйер қауымға арналған «Жастар - кітап толқынында» атты кітап көрмесі ұсынылды.