«Фиалочка» клубының отырысы: «Селекция және гендік инженерия. Трансгендік өсімдіктер»

11 сәуірде «Фиалочка» әуесқой гүл өсірушілер клубының отырысы өтті. Биология ғылымдарының кандидаты, «Торайғыров Университеті» КеАҚ қауымдастырылған профессоры Виктор Александрович Камкин гүл өсірушілермен кездесуге шақырылды.

Ғалым биотехнологиялық жұмыстың негізгі бағыттары - дәрілік өсімдіктерді өсіру және жинаумен бөлісті. Өсімдіктерді адам мен жануарлардың ауруларының алдын алу және емдеуде пайдалану мүмкіндіктері туралы айтты.

Клуб мүшелері кейбір өсімдіктердің пайдасы туралы өз білімдерін ортаға салды. Шара соңында дәрілік өсімдіктерді пайдалану мәселесіне маманмен кеңескеннен кейін жауапкершілікпен қарау керектігі айтылды. Іс-шараға қатысқандардың барлығына емдік тұнбаларды дайындау рецептері жазылған бетбелгілер берілді.