«Тіл өнері» халық университетінің отырысы

27 сәуірде С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханасында «Бір ел – бір кітап» акциясына орай «Тіл өнері» Халық университетінің кезекті отырысы өтті. Жазушы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіковтың шығармашылығына арналған «Қазақ прозасының пырағы» атты дәрісті филология ғылымдарының кандидаты, профессор Зейнуллина Айман Файзуллақызы оқыды. Дәріске дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия оқушылары қатысып, оларға Төлен Әбдіков туралы «Прозаға тың құбылыс әкелген тұлға» бейнеролик пен кітап көрмесі ұсынылды.