«Тіл өнері» университетінің отырысы

11 сәуір күні «Тіл өнері» университеті аясында профессор Мүталиева Раушан Мамырқызы жазушы, қазақ әдебиетінің классигі Ғабит Мүсіреповтің 120 жылдығына орай «Көркемсөз зергері» атты дәріс оқыды.

М. Қанапьянов атындағы жоғары колледж студенттері қазақ әдебиетінің классигінің өмірі мен шығармашылығы туралы көптеген қызықты мәліметтер алды. Шара тыңдармандарына бейнефильм көрсетіліп, «Халқы сүйген қаламгер» атты көрме ұсынылды.