«ДОСТОЯНИЕ ДУШИ» ЖОБАСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Бүгін С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Мемлекеттік сыйлықтың иегері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ҚР мәдениет қайраткері, ақын Бақытжан Қанапияновтың шығармашылық кеші өтті.

Шараға облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Самал Бегалинова және жергілікті зиялы қауым өкілдері мен кеш иесінің жақын туысқандары қатысты. Карантиндік шектеулерге байланысты өзге де шығармашылық қауым мен мәдениет саласының өкілдері, жастар мен мектеп оқушылары әдеби шараға онлайн режимде қатысты.

Облыстық кітапхана жергілікті балалар көркемсурет мектебімен бірлесіп ақынның құрметіне "Достояние души" атты тың жобаны жүзеге асырды. Ақынның өлеңдерінен ерекше шабыт алған жас суретшілер қаламгердің жырларын қыл қаламмен бейнелеп жеткізуге тырысты. 50-ден астам сурет кітапхананың «Айна» галереясына қойылды. Шара барысында Бақытжан Мұсаханұлы суретшілердің өнерін тамашалап, қолтаңбасы қойылған жеке жинақтарын сыйға тартты.