«Зеленая планета»: экологиялық лекторийі

18 қазан күні облыстық кітапханада «Зеленая планета» атты экологиялық лекторий өткізілді. Отырыс «Оценка экологического состояния города Павлодара» тақырыбына арналған болатын. Лекторий жұмысына № 9 жалпы орта білім беру гимназия-мектебінің оқушылары белсене атсалысты. Гид, экскурсия жетекшісі, Павлодар География үйінің қатысушысы В.Г.Борман облысымыздың экологиялық ахуалына баға беріп, өнеркәсіптік мекемелердің атмосфера мен су ресурстарының сапасына әсерін айтып өтті.

Павлодар қаласы экологиялық бағыттағы мектебінің әдіскері Н.Г.Москова 2018-2019 жылға арналған экологиялық іс-шараларға тоқталып кетті. Оқушылар назарына «Чистая экология – здоровая нация» атты көрме және библиографиялық шолу ұсынылды.