«Зеленая планета» экологиялық лекторийі: «Тұрақты дамудың мақсаты: баршаға қауіпсіз су»

24 қыркүйек күні «Зеленая планета» экологиялық лекторийінің отырысы өтті. Шараға Павлодар қаласының балалар мен жасөспірімдерге арналған экология және туризм орталығының тобы қатысты. Тақырыбы: «Тұрақты дамудың мақсаты: баршаға қауіпсіз су». Кездесуге Швецияның Лунд қаласындағы университеттің су ресурстары кафедрасының докторанты Раделюк Иван Михайлович шақырылды. Дәрісші қонақтар назарына Жердің тұрақты дамуының негізгі мақсаттары айқындалған бейне-семинардың материалдарын ұсынды, мысалы: кедейлік пен аштықты жою, денсаулық, сапалы білім, гендерлік теңдік, таза су және санитария, экожүйелерді сақтау және тұрақты даму мақсатындағы серіктестік. Дәріскер өз сөзінде өнеркәсіптік кәсіпорындардың ағынды суларының экологияға және су объектілеріндегі судың ластануына әсерін және судың химиялық құрамын бақылау үшін тазарту құрылыстарын салу қажеттілігін атап өтті.
Шараға қатысушылар үшін тақырыптық әдебиеттерге шолу жасалып, кітапхана бойынша экскурсия өткізілді.