«Зерде» клубының отырысы. «Жаратылыстану әлеміне саяхат» экологиялық ойыны

28 ақпан күні облыстық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде «Жаратылыстану әлеміне саяхат» атты экологиялық ойын түрінде «Зерде» клубының отырысы өтті.

Оқырмандар жаратылыстану дамуының тарихы мен оның қоғам өміріндегі рөлі туралы ақпаратты тыңдады. Экологиялық ойын барысында «Жасыл патруль», «Земляне», «Стрижи» және «Ветерок» командалары табиғат ластануының себептерін анықтады, экологиялық викторина сұрақтарына жауап берді, табиғатта серуендеу кезінде дұрыс әрекет етуге үйренді, сондай-ақ, экологиялық мәселелерді талқылап, осы мәселелерді шешудің негізгі жолдарын анықтады. Отырыс соңында оқырмандар «Табиғат ғибадатханасы» атты кітап көрмесінің материалдарымен танысты.