«Зерде» интелектуалдық клубы. «Қаламгер өнегесі» атты поэзиялық кеш.

4 – қараша күні облыстық балалар әдебиеті бөлімінің кітапхана қызметкерлері №39 мектепте «Қаламгер өнегесі» аттыпоэзиялық кеш өткізді. «Зерде»клубының  кездесу кеші  балалар жазушысы, журналист, ақын,өлкетанушы Мүбәрак Жаманбалиновтың 95 жылдық мерейтойына арналды. «Кітап халық арасында» атты жерлесіміздің жеке өмірі мен шығармашылығы жайлы әңгіме өрбіді. 5 «д» сынып оқушыларының қатысуымен «М. Жаманбалиновтың өлеңдерін оқимыз» атты  әдебиет кеңістігі орын алды. 

Оқушылар Дм. Приймак, Г.Кругляков және Р. Тамаринаның аударған  «Щедрая земля», «Родник», «Лето», «Мода», «Дождь», «Песня осины» өлеңдерін мәнерлеп оқыды. «Балалар әдебиетінің жарық жұлдызы. Яркая звезда детской литературы» атты кітап көрмесінде М. Жаманбалиновтың әр түрлі жылдары жарыққа шыққан орыс тілі мен қазақ тіліндегі кітаптаптары көрініс тапты.