Жалпыұлттық аза тұту күні

13 шілде коронавирус пандемиясынан қайтыс болған азаматтарды еске алу Жалпыұлттық аза тұту күні

2020 жылғы 13 шілдені ел Президенті Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Ел тарихында Жалпыұлттық аза тұту түрлі (негізінен жергілікті техногендік сипаттағы) себептермен сегіз рет жарияланды, бірақ ол алғаш рет коронавирустың әлемдік пандемиясы мен қазақстандық азаматтардың елеулі санының қаза болуы салдарынан жарияланды.

Коронавирустық инфекция нәтижесіндегі бұрын-соңды болмаған жағдай мен біздің отандастарымыздың қаза болуы қаза тапқандарды еске алып қана қоймай, пандемиямен күресте азаматтарымызға ортақтастық және бірлік сезімін ұялатуға бағытталған арнайы шараларды қабылдау қажеттігін алға тартады.

Бүкіл адамзатқа қасірет алып келген пандемия біздің де халқымызға оңай тиген жоқ. Тосыннан төнген ауыр зұлматтың құрбандарын еске алу үшін Ұлттық аза тұту күні жарияланды. Еңсені езген індетті жеңу үшін "денсаулық, отбасы, бірлік" деген құндылықтар ғана ұлтқа қорған бола алады.

Дүниежүзін дүр сілкіндірген дерттің кесірінен жақындарынан айырылған жұртшылыққа қайғырып көңіл айтамыз. Ұлтымыздың қабырғасын қайыстырған қайғы бұлты сейіліп, берекелі күнге баршамыз аман жетейік.